Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×
Реклама на сайте

Батыс Қазақстан облысында санитар, медбике және реаниматолог дәрігерлер жетіспейді

AstanaTV
03.07.2020ж. 20:00
3273
Батыс Қазақстан облысында санитар, медбике және реаниматолог дәрігерлер жетіспейді

Батыс Қазақстан облысында дәрігерлер жетіспейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы елдің еңсесін түсірген кеселге қарсы күресте қала тұрғындары мен жеке емханалардан көмек сұрап отыр. Алайда жеке емдеу орталықтары бұған әзірге құлақ асар емес. Тек, көлік пен дәрі-дәрмек жағынан ғана қол ұшын беріпті. Айта кетейін, бүгінде облыс бойынша 150 дәрігер коронавирус жұқтырған. Бұл аздай, ауруға шалдыққан тұрғындардың да саны күн санап артып келеді. Осының кесірінен қазірдің өзінде өңірде 150 санитар, 140 медбике және реаниматолог секілді 27 дәрігер жетіспейді. Бұл басқарма келтірген ресми дерек.
 
Болатбек ҚАЮПОВ, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Біздің бұл өтінішімізді қолдауға жеке емханалардың дәрігерлері асығар емес. Мүмкін, ауру жұқтырып аламын деп қорқатын да шығар? Сондықтан қала тұрғындарынан көмек сұрауға мәжбүрміз. Еріктілер қол ұшын берсе екен. Емдеу ісін үйретіп, сәкесінше жалақы төлеуге бармыз. Тек өзі жас, әрі денсаулығы мықты болса болды.


Е. Карин