Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанайда такси қызметінің құнын екі есе көтерген кәсіпкерлерге ескерту жасалды

AstanaTV
03.07.2020ж. 20:00
2581
Қостанайда такси қызметінің құнын екі есе көтерген кәсіпкерлерге ескерту жасалды

Қостанайда төтенше жағдай кезінде такси тарифін көтерген бизнес өкілдеріне ескерту жасалды. Енді олар қызмет құнын белгіленген бағаға межелеуі тиіс. Ескертуді елемегендер табысының 3-пайызын айыппұлға төлейді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті осындай шешім шығарып отыр. Олар жедел желіге сексеннен астам шағым түскенін айтады. Еске салайық, шектеу шаралары кезінде қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтап, такси қызметіне сұраныс артқан болатын. Осы тұста орта бизнес өкілдері кәсіпкерлік кодексті бұзып, негізсіз бағаны екі есе қымбаттатып жіберген. Бүгінде Департамент қаладағы ірі 3 компанияға ескерту жасады.

Жанар АДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Такси құны 100 пайызға дейін көтерілген.Бұрын қаланың бір жерінен екінші жағына жету үшін  600 теңге төленсе,төтенше жағдай енгізілген кезеңде 1200 теңге болған. Бағаны көтеруге негіз болмаған.Бұл кәсіпкерлік кодекстің 170-ші  бабының бұзылғанын көрсетеді.Яғни, олар өзара келісе отырып бағаны көтеруге қолдау білдірген.


З. Санай