Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Жамбыл облысында жылқы терапиясы қолға алынды

Жамбыл облысында жылқы терапиясы қолға алынды

Атқа мінгізіп, аурудан айықтырмақ. Жамбыл облысы Жуалы ауданында ипотерапия орталығы жұмысының шырайы кірді. Пони тұқымдас ергежейлі жылқылары Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары тапсырмасымен алынған.
Бейімдеу орталығы жылқы алу жоспарын Бауыржан Бәйбекке өткен жылы жеткізген. Тапсырма берілді, өтініш орындалды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығына иппотерапия қызметін ұсыну үшін 2 пони жылқысы берілді. Жылқылар жергілікті кәсіпкерлер көмегімен алынған.

Дамира МҰХАМЕДҚАЛИ, КӘСІПКЕР:

Бұл понидың пайдасы қозғау тірегі бұзылған балаларға жайдақ мініп, ипотерапиа қабылдаса бұл балдардың жүру уақыты жылдам болады. Арнайы бізге Қарағандыдан алдырып отыр. Үлкен рақмет!


Бауыржан Бәйбектің наурыз айындағы іс сапары кезінде жол мәселесі де көтерілген еді. "Құс шаруашылығана жол түссе екен", деген тілек айтылған. Сондай ақ «Білімді ұрпақ» оқу орталығының маңайына абаттандыру жұмыстары жүрсе екен", деген мәселе көтерілді. Бұл жұмыстар да оң шешімін тапты.

Нұрилә МАЛИБЕКОВА, КӘСІПКЕР:

 
Сол өтінішімді орындап, мына Нұр Отан партиасына рақметімді білдіргім келіп тұр. Алдына брусчатка төсеп және алдына көлік тұратын жол асфальт төсеп берді. Үлкен рақмет!


Б. Жұмабайұлы