Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сенат депутаттығына Нұр-Сұлтан қаласынан 8 үміткер тіркелді

AstanaTV
09.07.2020ж. 20:00
1684
Сенат депутаттығына Нұр-Сұлтан қаласынан 8 үміткер тіркелді

Биыл тамыздың 12 күні Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау өтеді. Елде сайлау алды дайындықтары басталып та кетті. Нұр-Сұлтан қаласынан бүгін Сенат депутаттығына 8 үміткер тіркеліп отыр. Кандидаттардан ұсыныс әлі де қабылдана береді. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша үміткерлерді тіркеу шілденің 12-де аяқталады. Комиссияның Нұр-Сұлтан қалалық төрағасы Владимир Редкокашиннің айтуынша, індетке қарамастан, сайлау алды дайындық күшейтілген. Әр кандидаттың үгіт-насихатына 450 мың теңгеден бөлініп отыр.

Владимир РЕДКОКАШИН, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН қ. ТӨРАҒАСЫ:

Сайлау алды жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Тіркеу аяқталғанға дейін тағы да үміткерлер ұсынылады деп ойлаймын. Оларға қажетті қаражат бөлінеді. Қосымша өздерінің қорлары болса, оны да пайдасына жаратуына рұқсат етілген.

Ғ.Өтемісов