$498.34 €519.72 ₽4.85
×

COVID-19 туралы "шындықты" жайып салған қытайлық вирусолог сұхбаты шу шығарды

AstanaTV
13.07.2020ж. 20:00
13746
COVID-19 туралы "шындықты" жайып салған қытайлық вирусолог сұхбаты шу шығарды

Қытай билігі коронавирус туралы ақпаратты біраз уақыт жасырып келген. Гонконгтен АҚШ-қа қашқан вирусолог Ли Мэн Янь америкалық Fox News телеарнасына осындай сұхбат берді. Ғалымның айтуынша, ол 2019 жылы «SARS» ауруына ұқсас дертті зерттеуге тапсырма алыпты. Сол кезде әріптестері бұл дерттің адамнан-адамға жұғатынын білген. Бұл ақпаратты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мерзімінен бұрын білу мүмкін, деді Ли Мэн Янь.

Ли Мэн ЯН, ВИРУСОЛОГ:

Менің АҚШ-қа келуімнің басты себебі - COVID туралы шындықты айту. Мен індетті зерттеген алғашқы ғалымдардың бірімін. Зертхана басшылары вирус жайлы ақпаратты кешіктірмегенде көптеген адамның өмірін сақтап қалауға болар еді. Бұл жайлы Дүниежүзілік десаулық сақтау ұйымының Қытайдағы өкілі Малик Пейрис те хабардар еді. Алайда, шұғыл шара қолдануға асықпады.

Ғалым өміріне қауіп төніп тұрғанын жеткізді. Енді ол отанына ешқашан орала алмайды. Жақындарымен көрісу мүмкіндігінен де айрылған. Десе де вирусолог шындықты ашып айтақына еш өкінбейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай билігі Ли Мэн Янның сөзін жоққа шығарды. Ұйым өкілдері Янь, Пейрис және Пун есімді мамандар бұрын зертханада жұмыс істемеген деп отыр. Ал, Қытай үкіметі тез әрі тиімді әрекет еткеніне сенімді. Айта кетейік, Fox News телеарнасы АҚШ Республикалық партиясының мүддесін қорғайды, деген қауесет бар. Сондай-ақ телеарна ұжымы Қытай мен Дүниежүзілк денсаулық сақтау ұйымын сынға алған Дональд Трампқа бірнеше рет қолдау білдіріпті.

Ғ.Өтемісов