Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қызылжарда орталық базар кәсіпкерлері бас көтерді

AstanaTV
14.07.2020ж. 20:00
2230
Қызылжарда орталық базар кәсіпкерлері бас көтерді

Қызылжарда орталық базар саудагерлері бас көтерді. Олар, базарды ашуды талап етіп отыр. Эпидемия кесірінен жүздеген іскер жұмыссыз қалған. Олар, "банкрот болудың қасында тұрмыз", деп жан айқайын жеткізді. Күйі түсіп кеткен кәсіпкерлер, тым құрғанда ашық алаңдағы сауда орындарын ашу керек, деп отыр.

Инна НИСТОЛИ, КӘСІПКЕР:

Президент бизнесті қолдау керектігін айтты. Бірақ бізде бизнес саласы тұралап қалды. Мұндағы кәсіпкердің жартысы бір айдан кейін банкротқа ұшырайды. Себебі, айналымға жіберетін қаражат қалмады. Билік өкілдері ұсынғандай құрылысқа барып қара жұмысшы болып істейік пе? Бас санитарлық дәрігер айтқандай ашық базарлардың жұмысын тоқтатпау керек.


Наталья ЗАЙНУЛЛИНА, КӘСІПКЕР:

Біз аудандарға шығып, даладағы сауда орындарында киім сатамыз. Осыған дейін санитарлық дәрігерлердің барлық талаптарын орындап келдік. Бірақ, Есіл ауданының әкімі бізге сауда жасауға тиым салды.

Кәсіпкерлердің жанайқайы жергілікті биліктің құлағына жетті. Алайда, шенеуніктердің қолы байлаулы. Өйткені, құжатқа сәйкес бұл базар ашық саудаға жатпайды.

Асқар ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл бутиктер далада тұрғанымен, жабық санатына жатады. Адамдар тауарды таңдау үшін әлгі нысандардың ішіне кіруі тиіс. Олар бітеу болған соң, біз осындай шешімге келдік. Петропавлда ашық базарлар жоқтың қасы.

А. Құрманкин