Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде 60 жүкті әйелден пневмония анықталды

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
2397
Ақтөбеде 60 жүкті әйелден пневмония анықталды

Ақтөбе облысында 60 жүкті келіншектен пневмония анықталып отыр. Бұл, Медицина орталығының Бас дәрігері Рүстем Исаевтың мәлімдемесі. Дәрігерлердің айтуынша, науқас әйелдер осы күнде орталықта ем қабылдап жатыр. Арасында жағдайы ауыр әйелдер де бар көрінеді.

Рүстем ИСАЕВ, АҚТӨБЕ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі таңда стационарда 360 науқас жатыр, оның  алпысы  жүкті әйелдер. Барлығында пневмония дерті. Олар, арнайы маманның қарауында. Перзентхана барлық керек жарақпен дәрімен толық  қамтамасыз етілген.

Болашақ аналарға жұққан дертке қатысты облыстық әкімдіктен жауап ала алмадық. Аймақ басшысының кеңесшісі Әсет Қалиев бүгін, осы пневмония тақырыбында арнайы брифинг өткізген. Алайда, дертке қатысты қойылған сұрақтарды модератор айналып өтті. Тіпті, індетке қанша адам шалдыққаны туралы да тіс жармады. Ұйымдастырушылар жауабы артынан мессенджер арқылы келді. Бұл сұрақты біз Денсаулық сақтау министрлігіне қоюуымыз керек екен. Бірақ, Нұр-Сұлтандағы брифингтен де мардымды жауап ала алмадық.

Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Эпидемологиялық және статистикаға қатысты мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Біз қазіргі күні  статистикалық мәліметтер берудің жолдары  жайлы халықаралық ұйымдармен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан кеңес алып жатырмыз. Сондықтан бұған қатысты есепке алынып, жария етілетін мәліметке кейін ораламыз.


Б. Рақметова