Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтөбеде мәйітхана жанына қосымша мұздатқыш қойылды

AstanaTV
16.07.2020ж. 20:00
4067
Ақтөбеде мәйітхана жанына қосымша мұздатқыш қойылды

"Түсініксіз" пневмония жайлаған Ақтөбедеге жаңа мәйтхана контейнері қойылды. Мұны облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев баспасөзге арналған брифингте мәлімдеген. Аймақ басшыларының сөзіне сенсек, жаңа мәйітхана контейнерінің қойылуы, адам өлімі көбейді дегенді, білдірмейді.

Әсет ҚАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Біздің мәйітханаға қосымша мұздатқыш алынғаны рас. Біз қосымша контейнер қойдық. Бұл өлген адамдар санының артып кетуіне байланысты емес. Қазір жаз мезгілі кейді енді мәйітті бірден алып кетпей жатыр. Ол сондықтан дене бұзылып кетпес үшін арнайы сақтау үшін қосымша контейнер қойғанымыз рас.


Б. Рақметова