Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

42500 теңгеге өтінім 1 қыркүйекке дейін қабылданады, - Б.Нұрымбетов

AstanaTV
16.07.2020ж. 20:00
2757
42500 теңгеге өтінім 1 қыркүйекке дейін қабылданады, - Б.Нұрымбетов

42500 теңгеге өтінім 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Барлық портал, күздің алғашқы күніне дейін ашық тұрады. Өтініштер ертеңнен бастап қабылданады. Ал, дүйсенбіден бастап қаражат аударыла бастайды.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:


Шілде айына төленеді деп Үкімет тарапынан шешім қабылданды. Сондықтан, "ертең шілде айы бітті деп міне, 1 тамыз келді болды қабылдамаймыз" деген әрекетке бармау үшін біз тағы да бір ай мүмкіндік өзімізге де, халыққа да жасап жатырмыз. Егер үлгермесе тағы да бір ай осы шілденің төлеміне өтініштерін беруге ыңғайлы жағдай жасаған түріміз.


Зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар 42500 теңге ала алмайды. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандар уақытша жұмыссыз қалса онда бұл көмекақыны алуға құқылы. Ресми жұмысы жоқ студенттер мен декретте отырған 1 жасқа дейінгі баласы бар аналарға бұл төлем ескерілмеген.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:


Бала бір жасқа толғанша мемлекеттен жәрдемақы немесе сақтандыру қорынан жәрдемақы алып жүреді. Сондықтан, бір жасқа толғанша 42500 теңгеге үміттене алмайды. Ал енді, бір жасқа толған болса бұл кезде өзінің жағдайына байланысты. Егер жұмысқа шығып қазір карантин бойынша шектеліп оны ақысыз демалысқа жіберсе ала алады.


Министрдің айтуынша, бір реттік көмек ақыны заңсыз алғандар және жалған ақпарат берген жұмыс берушілер жауапқа тартылады. Мемлекеттік сақтандыру қоры қаражатты қайтарып алуға құқылы.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:


Бұл төлемді, өтінішті сол шартқа сәйкес болған жағдайда беру керек. Яғни сіздің жұмысыңыз тоқтап қалды, табысыңыз шектелді. Егер де ертең ол анықталатын болса, мемлекеттік сақтандыру қоры сол төлеген, сол қаражатқа жауапты, олар ол кісіге уәж айтуы мүмкін соны қайтару жөнінде. Егер де сондай әрекетке баратын болса.

Бұл қаржы, пандемия салдарынан табысынан қағылған мұқтаж жандарға төленеді. Олар: жалдамалы жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұлғалар. 42500 теңгені 1 миллионнан астам азамат ала алады. Еске сала кетейін, Өтініштер әдеттегідей 42500.enbek.kz сайты мен egov.kz порталы және телеграмм боттар арқылы қабылданады. 

А. Данияр