$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Әзірбайжан-Армиян қақтығысы ушығып барады.

AstanaTV
17.07.2020ж. 20:00
3353
Әзірбайжан-Армиян қақтығысы ушығып барады.

Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарулы қақтығыс ушығып барады. Екі ел әскері бір-біріне қарсы ауыр артилерия қолдана бастады. Даулы аймақта атыс шілденің 12-нен бері басылған емес.

Зарнишан ГОЗАЛОВА, ТОВУЗ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Телефон арқылы әкеммен сөйлескенде атыс естілді. Үйден шықпа дедім. Бірақ ол құлақ аспай далаға шыққан. Снаряд ұшқыны тиіп жарақаттанды.


Иззат АЗИЗОВ, ТОВУЗ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Ауыр артилерия тоқтаусыз оқ жаудырды. Кеше кешкісін ғана саябырлады. Сосын сәл тынштық орнады.


Шекарада қарулы қақтығыс болса, билікте "дипломатиялық" ұрыс жүріп жатыр. Тараптар бір-бірін айыптауда. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі сес көрсетті. "Армениядағы Атом Электр стансасын зымыранмен ұрамыз", деген ақпарат таратты. Бұл жауап. Мұның алдында армияндар, "Әзірбайжандағы Мингечеуір су қоймасын жарамыз", деп қорқытқан. Екі жақ келіссөз жүргізуге асығатын емес. Президент Илхам Әлиев өз сөзінде, "Әзірбайжан осы күнге дейін шабыулды емес пассивті және қорғаныс саясатын ұстанды", деп мәлімдеді.

Вардан ТОГАНЯН, АРМЕНИЯНЫҢ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ:


Әзірбайжан осы Таулы Қарабах бойынша топтың тең төрағасын айыптады. Халықаралық құқықтар тиісті деңгейде жұмыс істемейді деп мәлімдеді. Әзірбайжан үшін қарулы күш көрсету маңызды болып тұр.


Армениялық дипломаттың айтуынша, Әзірбайжанның батыл сөйлеуіне Түркия себепші. Жуырда Түрік Қорғаныс министрі әзірбайжандық әріптесімен кездескен. Ресми Анкара Бакуге көмек көрсететінін айтып отыр. Армияндар да қарап отырған жоқ. Олар жуырда Калашников автоматын жасайтын зауытты іске қосты. Кәсіпорын, 150 атыс қаруын үлестіруге дайын.

Д. Мұхаммедкәрім