Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиев қызметінен кетті. Ақорданы ресми сайтына бүгін осындай хабарлама ілінді. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды» деп жазды баспасөз қызметі. Артынша, Бағдат Мусиннің аталған ведомстваға бірінші вице-министр болып тағайындалғаны белгілі болды. Сондай-ақ министрдің де міндетін уақытша атқармақ. Айта кетейін ол бұған дейін Президенттің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Осы күні сонымен бірге Олжас Құдайбергеновтің де Президент кеңесшісі қызметінен босатылғаны жарияланды.
Д. Мұхаммедкәрім