Пандемия кезінде Тәжікстанда қалып қойған ресейліктер үйіне қайту үшін Қазақстанға 1500 АҚШ долларын төлей ме? Бүгін шетелдік және отандық интернет басылымдарда осында мақала шықты. Ақпарат, Худжант шаһарындағы Ресей консулдығынан шығыпты мыс. Таратылған деректерге қарағанда Ресей азаматтары көлігімен Қазақстан аумағынан өту үшін 1500 доллардан төлеуі керек екен. Ал, Өзбекстанға транзиттік жол үшін небәрі 40 доллар төлейтін көрінеді. Бұл хабарлама қаншалықты шындыққа жансады? Сыртқы істер министірлігіне бірнеше рет телефон соқтық. Дипломаттар бұл ақпаратты естіген болып шықты. Алайда, жаңалықтар дайын болғанша ресми жауап берілмеді.
Ғ.Өтемісов