$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында Заңсыз дәрі-дәрмек саудасы қызып тұр

AstanaTV
21.07.2020ж. 20:00
2164
Жамбыл облысында Заңсыз дәрі-дәрмек саудасы қызып тұр

Заңсыз дәрі-дәрмек саудасы Жамбыл облысында да қызып тұр. Құзырлы органдарды алдап соққысы келген алыпсатарлар түрлі айла ойлап табатын болған. Мысалға бір кәсіпкер, "Ресейге жеткізілетін дәрі-дәрмек", деген  жалған құжат көрсетіп препараттарды Қазақстан аумағында саудаға шығармақ болған. Қырғыз елінен шыққан жүк көлігі Жамбыл облысында қолға түсіп отыр. Тәркіленген дәрілер арасында, парацетамол, азитромицин, кетонал сияқты 20 млн теңгенің препараттары бар. Заңсыз айналымнан шыққан дәрілер түгелдей облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді.

Мақсат ДӘУІРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:

ЭТД-мен Іс жүргізу шешімі қабылданғаннан кейін лицензиясыз қызмет ету фактісі бойынша материал сотқа жіберілді. Қордай аудандық сотының а.ж. 16 шілдедегі қаулысымен құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша жүкті тәркілеумен 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.


Бұдан бөлек Жамбыл облысында, дәрі-дәрмек саудасына қатысы бар 44 факті тіркеліп отыр. Оның 26-сы бағаны себепсіз көтерген болса, 8 кәсіпкер дәрілерді белгіленбеген орында сатыпты. Тағы бесеуі ел аумағында тіркелмеген препараттарды сатпақ болған. 8 адам әкімшілік жауапқа тарлыса, екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 960 мың теңге айыппұл салынды.

Б. Жұмабайұлы