Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жасотандықтар Тараздағы ауруханаларға көмек көрсетті

AstanaTV
21.07.2020ж. 20:00
1522
Жасотандықтар Тараздағы ауруханаларға көмек көрсетті

«Дәрігерлерге демеу бол! Медицина мамандарына мың алғыс!» Осындай ұранмен "Нұр Отан" партиясына қарасты, "Жас Отан" жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалы жергілікті ауруханаларға жәрдем көрсетті. Жасотандықтар мемлекеттік сауықтыру орындарына 10 тонна ауыз су жеткізді. Белсенділер алдымен 150 адам ем қабылдап жатқан қалалық балалар ауруханасына барды. Мұндағы дәрігерлерге гүл шоқтарын сыйлады. Одан бөлек 100 қорап азық-түлік себеттін үлестірді. Отбасына бармастан, науқастар үшін еңбектеніп жүрген медицина саласының мамандары: қиын кезеңде осылай алғыс айтудың өзі кеселмен күресіп жатқандар үшін үлкен көмек екенін жеткізді. Ігі бастаманың басы-қасында жүргендер мұнын соң облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында болып, ақ халаттыларға азық-түлік апарды.

Уалихан БОЛАТБЕК, «JAS OTAN» ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ:

Осындай қиын-қыстау кезеңде бұл кісілердің еңбегі өте зор. Қаламызда 5 ауруханада осындай вирус жұқтырған тұрғындар жатыр. Олардың барлығына да, оларға көмек көрсетіп жатқан дәрігерлердің барлығына алғыс ациясын ұйымдастырамыз және бұл акция аудандарда өз жалғасын табатын болады.


Б. Жұмабайұлы