Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Еріктілер тұрғындарға масканы тегін таратуда

AstanaTV
22.07.2020ж. 20:00
2199
Еріктілер тұрғындарға масканы тегін таратуда

Алматыда да еріктілер қала көшелерін жаяу аралап, кездескен 200-ден астам адамға медициналық бетперделерді тегін таратты. Әрі індеттен сақтану жолдарын түсіндірді. Қалалық «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырған шараның негізі мақсаты - осы. Адам көп шоғырланған жерлерді аралап, ондағыларды қауіпті дерттен сақтануға шақыру. 

Медет БЕКБЕРГЕНОВ, ЕРІКТІ:

Маскасыз жүрген адамдарға Алматы қаласында қазір карантин режимі күшейді. Соларға түсіндірме жұмыстар жасап және тегін бетперде тараттық. Алдағы уақытта жалғасын табады және ертең тағы да адам көп шоғырланған жерде бастау алады акциямыз.

Ауқымды шара қала сыртында да өтіп жатыр. Жасотандықтар бастаған топ өкілдері Көлсай көлінің маңайын аралаған. Олар демалыс орнына келгендерге бетперделерді жаппай үлестірді. Арасында талапты сақтамаған тұрғындарға қатаң ескертулер жасады. Мұндай ескертулер елордалық жұртқа да айтылды. «Nur Otan» партиясының «Есіл» аудандық филиалының өкілдері халықты мейлінше бетперде тағып жүруге шақырды. Әрі оларды тегін таратты.

Мұндай ауқымды шара ел астанасында да жалғасын тапты.

Мархат ҚАСЫМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. «ЕСІЛ» АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Саябақтарда және сол секілді адамдар көп жиналатын жерлерде таратып жатырмыз. Әрине, әлеуметтік қашықтықты сақтап, бірақ маска кимей жүргендер бар. 100 адам бір жермен жүрсе ол қауіпті ғой. Сондықтан алдын алу шарасы ретінде осылай аптасына 1-2 рет 150 маскадан таратып жатырмыз.

Ұйымдастырушылар көшеде медициналық маскасыз жүруге рұқсат болғанымен, ол қауіптің жоғын білдірмейді дейді. Сақтық шараларын барынша ұстанғанымыз абзал деп отыр. Әйтсе де қала тұрғындары арасында бұған атүсті қарайтындары бар.
 
БЛИЦ:

- Вы не опасаетесь за своё здоровье? - На улице не нужно носить. Опасаемся, но мы же на улице в принципе. На улице не опасаемся. Когда заходим в помещение, в аптеку, тогда и одеваем.

Ерікті жастар тұрғындарға кеселден қорғану жолдары туралы ақпараттар жазылған парақшаларды да үлестірді.

Ә. Лесбек