Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жаңа бастамалар Антикор орталығы алаңында айтылды

AstanaTV
22.07.2020ж. 20:00
2815
Жаңа бастамалар Антикор орталығы алаңында айтылды

Аса ірі көлемде пара алған шенеуніктер айыппұл төлеп жазадан құтылып кетпеуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Заңға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші. Сондай-ақ, жемқорлықпен ұсталған соттар мен құқық қорғау органдары және мемлекеттік қызметкерлерге қатысты да жазаны күшейту керек, деп отыр. Мысалға парамен ұсталмаған, алайда соны алмақ болған шенеуніктер де бұдан былай жауапқа тартылуы мүмкін. Сонымен бірге шенеуніктердің әйелі мен балаларына шетелдік банктерде есеп-шот ашуға тиым салынуы мүмкін. Жалпы агенттік мамандары парақорлық ұғымын екіге бөліп қарауды ұсынды. Бірі жемқорлық жасаған жеке меншік кәсіпкерлер мен банкирлерге қатысты болса, екіншісі мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болмақ.

Д. Мұхаммедкәрім