$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Дәрігерлерге мың алғыс!

AstanaTV
24.07.2020ж. 20:00
5337
Дәрігерлерге мың алғыс!

Дәрігерлерге мың алғыс! "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық филиалы ақ халаттыларға азық-түлік себетін табыстады. Онда иммунитетті көтеруге арналған дәрумендер мен жеміс-жидектер, медициналық заттар салынған. Ұйымдастыршылардың сөзінше, "бүгінгі күннің батырларын" қолдауға арналған іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастырмақ ниетті.

Бағлан ӘЛІМҒАЗИНА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз ауданымыздағы 3 емханадағы медицина қызметкерлеріне алғыс пакетін үлестірмекшіміз. Ел басына түскен қиын-қыстау сәтті біз дәрігерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Жоспар бойынша осы саланың 70-ке жуық маманына табыстамақ ниеттеміз. Әр емхананық 20-дан астам қызметкер қамтылады.  

Әлем халқына қауіп төндірген "лаңмен" күндіз-түні алысып жүрген дәрігерлер үшін бұл күтпеген сый болды. Бахыт Қасенова №4 қалалық емханада бас мейіргер болып 14 жылдан бері жұмыс істейді.

Бахыт ҚАСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №4 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС МЕЙІРГЕРІ:

Фильтр кабинетінде таңертеңгі 8-ден кешкі 20:00-ге дейін бүкіл науқастарды температурамен қабылдаймыз. Бүгінгі міне, қиын жағдайда "Nur Otan" партиясының бізге қ олдап көмек көрсеткеніне шын көңілімізбен рақмет айтамыз.

Қызылжарда да аталған акция аясында нұротандықтар медицина қызметкерлерін қымызбен қамтып жатыр. Жетекші партия белсенділері провизорлық стационарларға көмек қолын созған. Демеушілердің арқасында қымызбен қатар, су мен химиялық заттарды да тарту етті кен. Бүгін аталған көмекке екі мекеме ие болды. 

Әкімжан ТӨЛЕБАЙ, СҚО "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Бұл акцияның мақсаты провизорлық стационардағы дәрігерлерге көмектесу. Негізі бұның алдында кеше ғана біз дәрі тасуға көмектестік. Түркия, Қытайдан келген дәрігерлерді біз волонтерлармен складқа барып, емханаларға тасуға көмектестік.


Жергілікті университеттің жатақханасында провизорлық стационар шілденің оны күні ашылған болатын. Мекеме екі жүз адамға шақталған. Қосымша ашылған стационарды дәрігерлермен қамту үшін қалалық емханалардың медбикелері шақыртылыпты. Бүгінде мұнда 16 дәрігер мен 56 медбике жұмыс істеп жатыр.

А. Данияр