Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «Nur Otan» партиясының мүшелері өскемендік дәрігерлерге азық-түлік себетін сыйға тартты

«Nur Otan» партиясының мүшелері өскемендік дәрігерлерге азық-түлік себетін сыйға тартты

«Nur Otan» партиясының мүшелері өскемендік дәрігерлерге ерекше азық-түлік себетін сыйға тартты. Онда: пайдалы жемістер мен емдік бал және тәттілер де бар. Негізгі мақсат осындай шаралар арқылы ақ халатты абзал жандарды қолдау, әрі олардың көңіл-күйін көтеру. Коронавирусты емдеуге ат салысып жүрген дәрігерлердің үй бетін көрмегеніне бірнеше апта болған. Олар қазір ауруханаларда қонып, науқастарға тәулік бойына қызмет көрсетуде. Осыны ескерген партиялықтар, "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы арқылы, ақ халаттыларға жылылық сыйлауды жөн көрген.  

Зарина ҚАМАСОВА, ШҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дәрегерлер коронавируспен күресіп, айлап осында жүр. Олардың жұмысы оңай еместігін түсінеміз, сондықтан осындай моральдық қолдау көрсеткіміз келді. Жұмыстан шығып, арнайы жатақханаларына барғанда емін-еркін шәй ішсін деп себетке тәттіне де салдық.

Ә. Өмірзақ