Карантинге байланысты жұмыссыз қалғандарға тамыз айында 42 500 емес, 21 250 теңге төленеді. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тамыздағы 2 апталық шектеу шаралары кезінде әлеуметтік төлем төленеді. Бірақ 42500 теңгенің жартысы, оны азаматтар міндетті түрде алады.
Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлене бастады. Індетке шалдыққан сала мамандарынан түскен 123 өтінімнің 120-сына тиісті қаржы берілген. Ал, қызметте жүріп "тәж" вирусының құрбаны болған дәрігерлердің жайы туралы Ералы Тоғжанов былай дейді:
Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Президенттің тапсырмасына сәйкес, өткенде шешім қабылдадық. Мына арнайы Денсаулық министрлігі бұйрық шығарды соған байланысты өтініш түскен сәтте 6 ай тоспайтындай қылып, тез арада қанағаттандыратындай осы шешім қабылданып отыр. 71 адамға байланысты ұсыныс жіберілген қысқа уақыттың ішінде оның бәрі шешілетінін айтқым келеді.
Коронавирус бойынша елдегі ахуалға тоқталсақ. Ел аумағында індет жұқтырғандардың саны - 87 мыңнан асты. Оның 58 мыңға жуығы жазылып шықты. Індет құрбандары 793-ға жетті.
А. Данияр