$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордалық дәрігерлерге 110 литр қымыз таратылды

AstanaTV
30.07.2020ж. 20:00
2909
Елордалық дәрігерлерге 110 литр қымыз таратылды

Елордалық дәрігерлерге 110 литр қымыз таратылды. Бұл қамқорлыққа «Nur Otan» партиясы жанындағы «Өркениет» ұйымы мұрындық болды. Олар осылайша індетпен күресіп жүрген ақ халатты абзал жандарға ілтипат білдірмек болған.  Тегін қымыз алғандардың арасында отандық дәрігерлерден бөлек, Ресейліктер де бар.

Евгений ПОПОВ, ДӘРІГЕР-ПУЛЬМОНОЛОГ:

Бір ай өте нәтижелі өтті, енді Ресейге қайтқалы жатырмыз. Қазақстанға барасыңдар ма дегенді бірден иә деп жауап бергенмін. Мақсатым қазақстандық дәрігерлерге көмектесу, тәжірибе алмасу болды. Барлығы үшін рақмет. Қымызды бұған дейін де іштім. Коронавирустан қорғамайды, бірақ емделіп шыққандардың иммунитетін қайта қалпына келтіруге көмектеседі.

Дәрігерлерге қымызды ерікті жастар үлестірді. Демеушілер қаражатына сатып алынған. Олардың қатарында "Jas Otan" ЖҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жастар кеңесінің мүшесі Дияр Нұғыманов, Гүлназ Райымбекова және «Cerebra shop» дүкені бар.

Дияр НҰҒЫМАНОВ, "JAS OTAN" ЖҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Акция аясында дәрігерлерге осылай алғыс айтқым келді. Иммунитеттері мықты болсын деп қымыз әкелдік. Пандемия аяқталып, елімізде де, әлемде де барлығы жақсы болса екен деп тілейміз.


Ә. Өмірзақ