Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада өткен жылы ғана салынған жаңа жол қопарылып жатыр

AstanaTV
03.08.2020ж. 20:00
2274
Елордада өткен жылы ғана салынған жаңа жол қопарылып жатыр

Асфальт алдымен төселді. Бірақ бір жыл өтпей ол, жылу құбырын тарту үшін қайта қопарылды. Бұл, атүсті шешім Сарыарқа ауданы тұрғындарының наразылығын тудырды.

Даниал ОҚАСОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Асфальтті биыл төсеуге болмас па еді? Бұл жерде құбыр жүретіні бірнеше жыл бұрын белгілі болған, яғни тиісті жобаны бекіткен. Енді міне, керісінше жасап жатыр. Екі рет шығын шығарғаннан кімге пайда?


Жаңбыр жаууына байланысты жұмыс уақытша тоқтатылды. Бірақ тұрғындар, әсіресе ойын жасындағы балалар осы шұңқырдан көп қауіптенеді.

Руфия БЕКБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ешқандай қоршау жоқ. Мына секілді темірлер жаяу жүргіншілерге арналған жолда жатыр. Қауіпті. Бала-шағамыз үшін алаңдаулымыз. Әрине, үйді орталық жылу беру жүйесіне қосып жатқаны қуантарлық, бірақ бұлай ақшаны тиімсіз жұмсауын түсінбейміз.

Бұл мәселеге байланысты жергілікті билік өкілдері былай деп жауап берді.


Тимур КЕНЕТАЕВ, «НҰР-СҰЛТАН Қ. ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ» ММ ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2019 жылы бұл жерге уақытша жол төсеген. Ол көлік қатынасына арналды. Биыл енді жылу жұмыстарына бола ол алынды. Құбыр тартылған соң жаңа жол түседі.

Жылда жол салу қаншалықты заңды? Көптің көңілінде жүрген сұрақты сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандарына жолдадық. Бұл жерде де қағазбастылық байқалады. Мамандардың айтуынша, тұрғындардан арыз түспей агенттік, "жол жырын" қаза алмайды екен.


Ә. Өмірзақ