Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақ-Түрік дәрігерлері «Nur Otan» партиясында бас қосты

AstanaTV
03.08.2020ж. 20:00
1966
Қазақ-Түрік дәрігерлері «Nur Otan» партиясында бас қосты

COVID-19 індеті бүкіл әлем медицинасын жерге қаратты. Тығырықтан шығу жолын мамандар бірлесе іздестіруде. "Nur Otan" партиясының ұйытқы болуымен Алматыда Қазақ-Түрік дәрігерлері бас қосып, келелі отырыс өткізді. Дөңгелек үстел басында, індептен күрес жолдары талқыланып қолға алынған іс-шара талқыланды. Түркиялық дәрігерлердің айтуынша, қазақ мамандары қытайлық індетпен тиісті деңгейде күрес жүргізуде.

Женгиз УЗУН, «MEDICANA INTERNATIONAL ISTANBUL» КЛИНИКАСЫНДА ВИРУСТЫҚ АУРУДЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ДӘРІГЕРІ:

Біздің қазақ дәрігерлерімен бас қосып, шеберлік сабағын өткізуімізге мүмкіндік бергені үшін «Nur Otan» партиясына алғысым зор. Вирусты жұқтырғандарды анықтауда және оларды оқшаулап, емдеу бойынша жинаған тәжірбиеммен қуана-қуана бөлісемін. Бүгін жақсы тәжірибе алмастық.

Түркиялық мамандармен тәжірибе алмасуға 30 аса алматылық дәрігер келген. Кеңес кезінде қауіпті дертпен күрес тетіктері пысықталып, эпидемиологиялық ахуалды зерттеу әдістері талқыланды.

Айдос СЫЙҚЫМБАЕВ, ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТ:


Коронавирус жағынан Түркия мемлекетінде 85 млн халық тұрса, коронавируспен ауырған науқас саны 250 мыңның үстінде. 200 мың науқас толық жазылып шыққан. Сондықтан Түркиядан біздің алатын көп тәжірибеміз бар. Профилактика жағы, диагноз жағынан емдік шаралары жағынан ортақ жұмыстарды талқылаймыз.

Ә. Лесбек