Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбыл облысындағы жол апатынан зардап шеккен палуандардың комаға түсті

AstanaTV
05.08.2020ж. 20:00
2857
Жамбыл облысындағы жол апатынан зардап шеккен палуандардың комаға түсті

Жамбыл облысындағы жол апатынан зардап шеккен палауанның бірі - Шыңғысхан Мұхаметқалиев ес-үссіз жатыр. Екінші спортшы Зауытбек Нұрдәулет, шүкір беті бері қарады. Оны туыстары жақын арада Алматыға алып кетпек. Алайда, Қордай аудандық аруханасы дәрігерлері, науқастың жолға шығуына әлі ерте, деп отыр.

Толқын ӨМІРБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жағдайы ауыр пациент комаға түскен. Санавиация шақыртқан бүгін келіп көріп жатыр. Жағдайы сол ауыр қалпында. Ал екінші пациенттің жағдайы орташа қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында. Яғни ешбір өзгеріс жоқ.

Еске сала кетейін. Тамыздың 3 күні таңғы 6:40 шамасында, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолында ірі жол апаты болып бес палуан зардап шекті. Өкінішке орай үш спортшымыз: Ел чемпионы Жақсыбек Қарабалаев, халықаралық турнирлар жеңімпазы Ілияс Жұмай мен Жанбота Байбазар қаза тапты.

Б. Жұмабайұлы