Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақ-Ресей шекарасындағы мигранттар 40 автбоуспен елдеріне қайтарылды

AstanaTV
05.08.2020ж. 20:00
2897
Қазақ-Ресей шекарасындағы мигранттар 40 автбоуспен елдеріне қайтарылды

Қазақ-Ресей шекарасында қалып қойған қырғыз-өзбек жұмысшылары үйлеріне қайта бастады. Екі ел Үкіметі өз азаматтарын автобус және пойызбен алып кетіп жатыр. Бұлар Ресейде жұмыс істеп жүріп карантин кезінде үйіне жете алмай қалған мигранттар. Күні кеше ғана олар шекарада Ресей әскерилерімен жаға жыртысып қалған. Ашық аспан астында қалып қойған жұмысшылар шекараны бұзып өтпек болыпты.

Бұл бейне әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарады. "Мигранттар Ресей гвардиясымен төбелесті", деп ел жарыса жазған. Кейіннен Ресми Мәскеу бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қақтығысқа гвардия сарбаздары қатыспаған. Қалай болғанымен мыңдаған адамның ай далада қалуы Қырғыз бен Өзбек Үкіметін ойландырды. Олар, Қазақ еліне ресми өтініш жіберіпті.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Қырғыз елі мен Өзбекстан Республикасы Ресей Федерациясынан өз азаматтарын шығару үшін транзиттік жол ашуды өтінді. Бұл мәселе оң шешілді. Тамыздың 4-5 күндері 2435 Қырғыз азаматы және 2200 Өзбекстан азаматы өз елдеріне жеткізіледі. Өзбекстан азаматтарына темір жол арқылы жетуге рұқсат берілді.


Еске сала ктеу керек. Еліне қайта алмай қалған өз азаматтарын Қырғыз елі осымен төртінші рет алып кетіп отыр. Үйіне қайта алмай жатқандар әлі бар сияқты. Өйткені, Қырғыз Сыртқы істер министрлігі жуырда, "Шекараға барудың қажет жоқ. Елге қайтқысы келгендер Мәскеу, Новосібір немесе Екатеринбор әуежайларына барсын", деген кеңес беріпті.

А. Құрманкин