$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болды

AstanaTV
06.08.2020ж. 20:00
2681
Алматы облысындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Бүгін Алматы облысындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жарылыс болып екі адам зардап шекті. Біреуі 72 жастағы көлік жүргізушісі. Дәрігерлер оның жағдайын тым ауыр деп бағалап отыр. Денесінің 90 пайызы күйіп қалған. Сондай-ақ, жанармай құю стансасының 30 жастағы операторының қабырғасы бірнеше жерден сынған. Ол да қазір ауруханада. 

Дидар АЙТЖАНОВ, «ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНАРАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


72 жастағы ер азамат. Денесінің 90 пайызы күйік жарақатымен травматикалық шок диагнозымен реанимацияға жатқызылды. Жедел жасанды демалу аппаратына қосылып,  тиісті медициналар жүргізілуде. Қазіргі жағдайда жағдайы өте ауыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жарылыс бүгін таңғы сағат 10-дар шамасында болды. «Land Cruiser Prado» маркалы автокөлік жалдамдықпен келіп, газ тұрған цистернаны соққан. Қондырғыдан газ шығып, жарылыс арты алапат өртке ұласыпты. Оқиға орнында тағы бір жеңіл көлік жарамсыз күйге түсті.

Ерлан АХАШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Land Cruiser Prad» маркалы көлік газ резервуарын соққан. 4 текше метрлік қондырғыны бұзып өткен, осы кезде газ шығып жарылыс болды. Абырой болғанда станцияның жанындағы жекеменшік үйлерге зақым келген жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды.

Ә. Лесбек