Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Алматылық дәрігерлерге қымыз бен жеміс-жидектер таратылды

Алматылық дәрігерлерге қымыз бен жеміс-жидектер таратылды

Алматылық дәрігерлерге 25 литр қымыз бен 15 келі жеміс-жидек таратылды. Ол, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Алатау-Азат» ұйымының тартуы. Пайдалы тағамдарды "нұротандықтар" осымен үшінші апта, күнде жеткізіп беріп жүр.

Нұрымбек ТАУ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «АЛАТАУ-АЗАТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Теорияны алып қарасақ 21 күн бір затты үздіксіз істесе, ертең әдетке айналады дейді. Сондықтан ары-қарай осы 21 күн әкеліп тұрамыз әрі емханаға.

Осылайша ұйымдастырушы топ өкілдері індетпен күресіп жүрген ақ халаттыларға ілтипатын білдірді. Көзге көрінбейтін жаумен күні-түні алысып жүрген дәрігерлер үшін халық қолдауы осы күнде аса маңызды.

Әлия МАЗБАЕВА, №25 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

 
Мұндай қиын-қыстау кезеңде бізді қолдап , барынша қамқорлығын көрсетіп жүрген «Nur Otan» партиясы өкілдеріне мың алғысымызды айтамыз. Шынымен де қазір еліміздің барлық дәрігерлері індетпен күресіп қана қоймай өз денсаулығына да мән берулері керек.

Ә. Лесбек