Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Іле-Алатау ұлттық паркінен ірі ескірткі зертханасы табылды

AstanaTV
07.08.2020ж. 20:00
3276
Іле-Алатау ұлттық паркінен ірі ескірткі зертханасы табылды

Алматының іргесіндегі Іле-Алатау ұлттық паркінен ескірткі зертханасы анықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, мұндай көлемді өндіріс орыны бұрын соңды кездеспеген. Жедел іздестіру тобы зертхананы шілденің 27 күні тапқан. Екі күдікті сол күні құрықталыпты.

Синтетикалық есірткі өндірушілер топтасқан баспанадан тоннаға жуық химиялық қоспа табылған. Есірткі дайындайтын өндірістік жабдықтар да осы үйден тәркіленді.

Аркен АБДУҒАЛИ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тінту барысында 55 килограмнан артық «Мефедрон» есірткі заты, шамамен 1 тонна «Прекурсор», ірі сомада шетел валютасы және атыс қаруы алынды. Сарапшылардың бағалауы бойынша алынған ескірткі заттарының қара нарықтағы құны шамамен 1,5 млрд. теңгені құрайды. Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды.


Есірткі өндірушілер жұмысын әбден дөңгелетіп алғанға ұқсайды. Олар, Іле-Алатау ұлттық паркі аумағынан зәулім үй сатып алып, қаладағы өндірісін көшіріп алғаны белгілі болды. Кейіннен ол заманауи жабдықпен жарақталған ірі зертханаға айналыпты. Ал, дайындалған синтетикалық есірткі заттар ғаламтор арқылы саудаланып келген. Аталған дерек бойынша, қазір қылмыстық іс қозғалды. Айып дәлелденіп жатса күдіктілердің дүние-мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А. Кемелжан