Жасұланның жедел жәрдем қызметіне жұмысқа қабылданғанына екі жылға жуықтаған. Індет басталғалы жұмысы қауырт. Тіпті дерт өршіген тұста өз өмірін қауіпке тігіп, ауру ошағының ортасынан табылған.
Жасұлан ИНИЯТУЛЛА, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ:
Пандемияның кезінде шақырыстар көбейіп кетті. Бір бригаданың өзіне 40 шақырыстан көп болып кетті. Қазіргі кезде шақырыс екі есеге азайды. Өз жұмысым болғаннан кейін істеймін, міндетім болғаннан кейін ешқандай қорқыныш болмайды.
Бүгінде аймақта жедел жәрдем шақыртушылар саны маусым-шілде айларымен салыстырғанда шамамен 57 пайызға төмендеген. 103 қызметіне түсетін қоңырауларға уақытылы көмек көрсету дәрігердің ғана емес, тұтастай бригаданың жауапкершілігінде екенін олар жақсы біледі.
Сабыр ДҮКЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫНЫҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
Аурудың да, қасымдағы врачтың да, фельчердің де өмірі жүргізушінің мойнында, шындық келгенде. Әрдайым халыққа қызмет жасап,осылай халқымыз аман болып, ауырмасын, сырқаттамасын.
Дегенмен, қазір аймақтағы эпидемиялық ахуал тұрақталды. Олай деуге негіз бар. Өйткені тыныс алу жолдарының ауруларына шағымданатындар 6 есеге төмендеген. Оның үстіне созылмалы дерті бар науқастарға дәрі-дәрмек тегін жеткізілуде.
Ғалияш СМАҒҰЛОВА:
Мен бронхиальный астмамен есепте тұрамын. Альергиялық, инфекциялық формасымен. Пандемия кезінде керекті дәрілерді апарып берді үйімізге. Денсаулық тілеймін врачтарымызға.
Ақ халаттылар ұсынған статистика көңіл қуантады. Дегенмен, бұл босаңсуға негіз емес. Әлі де оқшаланып, денсаулығын күту әр адамның өз жауапкершілігінде.
М.Қожахметова