Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Сенаторларды сайлаудың алдын ала қорытындысы жария болды

AstanaTV
12.08.2020ж. 20:00
2230
Сенаторларды сайлаудың алдын ала қорытындысы жария болды

Бүгін жер-жерде Парламенттің жоғарғы палатасына депутаттарды сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы оның алдын ала қорытындысын да шағарды. Әр аймақтан екі-үш үміткерден бақ сынады. Алматы қаласынан қатысқан 3 кандитаттың арасынан Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов мәслихат депутаттарының 100 пайыз дауысына ие болған. Қалған үміткерлер бірде-бір дауыс алмапты. Бас қалада қатысқан үш үміткердің арасынын Қазақ аграрлық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев оқ бойы озық шықты. Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Парламентте осы саладағы проблемаларды көтеруді жоспарлап отыр. 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

Өзім аграрлық ғалым ретінде, осы саланың маманы ретінде аграрлық комитетке барғым келеді. Біраз халықаралық тәжірибе де жинадым, пікірім бар. Қалай дамытуымыз керек, қандай өзгерістер керек ауыл шарушылығына, соны жеткізуге тырысамын.


Саяси доданы қадағалауға 180 бақылаушы жұмылдырылған. Одан бөлек түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің миссиясынан бес бақылаушы қатысты. Кеңес басшысы, әрі Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадов елордадағы сайлауға баға берді.

Рашад МАММАДОВ, ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КЕҢЕСІ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін біз кандидаттарды, байқаушыларды, БАҚ өкілдерін тіркеу сәтінен бастап мониторинг жүргіздік. Мәслихаттың Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиямен бірлескен отырысына қатыстық. Дауыс беру процесіне бақылау жасадық, ол өте жақсы, ашық өтті. Таңдаушылардың барлығына қолайлы жағдай жасалған.


Айта кетейік, алдағы қазан айында қазіргі сенаторлардың Конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталмақ. Парламенттің жоғары палатасында 47 депутат бар. Оның 32-сі облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 6 жылға сайланған болатын. Қалған 15 сенаторды ел Президенті тағайындайды.

Ә. Өмірзақ