Маржан Күмісбекова жаңа оқу жылын тегін жалғастыратын болды. Ветеринар мамандығын таңдаған 2-курс студенті аграрлық университеттің ақылы бөліміне оқуға түскен болатын. Оқу озаты биыл грантқа ауысып отыр. Оқу орны ректоры мен "Jas Otan" жастар қанаты осындай шешім қабылдапты.
Маржан КҮМІСБЕКОВА, СТУДЕНТ:
Мемлекеттік грант негізінде оқуға мүмкіндік бергеніне өте қатты қуаныштымын және алғысым шексіз. Ақылы түрде оқыған мен грантта айырмашылығы әрине үлкен. Грантта оқудың маған бұйырғанына өте қуаныштымын. Үміттерін ақтаймын.
Маржанмен бірге бүгін тағы 6 студенттің тегін оқуға қолы жетті. "Jas Otan" жастар қанатының бұл тосын сыйы, Мемлекет басшысы жариялаған "Еріктілер жылы" мен "Халықаралық жастар күніне" орайластырылып отыр. Грантқа қолы жеткен студенттер әлеуметтік санат бойынша іріктеліпті.
Мәди АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖҚ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Алматы қаласында аз қамтылған, көп балалы сонымен қатар жартылай жетім, мүгедектігі бар мектеп бітіруші түлектерге арнап арнайы гранттарды қарастырып, бөліп отырған жайымыз бар.
Жасотандықтардың тырнақалды бастамасына әзірге бірнеше оқу орны ғана қолдау көрсетіпті. Басқа білім ошақтары да қолдайтынына жастар сенеді. Жастар қанаты бұл жобаға Алматыдағы 38 университет пен кәсіптік білім ошақтарын тартуды жоспарлап қойған.
А. Кемелжан