Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан автомобиль жасаушылары Өзбекстан нарығынан айрылып қаламыз ба деп үрейлі

AstanaTV
26.09.2017ж. 20:00
2186
Қазақстан автомобиль жасаушылары Өзбекстан нарығынан айрылып қаламыз ба деп үрейлі

Қазақстандық автокөлік өндірушілер үшін Өзбекстан шекарасы жабық. Осылай деген "Қазавтоөндіріс" басқарма төрағасы өзбек нарығынан қағыламыз ба деп үрейленеді. Олег Алфёров мұны «Астана» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Айтуынша, өзбек билігі кейбір тауарлардың кедергісіз өтуіне жағдай жасаған. Алайда, біздің көліктерге тыйым салатын акциздерді сақтап қалған. Яғни отандық көліктерге шектеу бар дейді ол. Бірақ көрші Ресей мен Украина көліктерін ала шапанды ағайын өздеріне кедергісіз кіргізіп жатқанға ұқсайды. Олар тек 2 пайыздық кедендік тарифті төлейтін көрінеді. Алферовтың айтуынша, Қазақстанның жағдайы шектеліп, өзбектерге көлік жеткізуші өзге елдермен тең дәрежеге түсе алмай отыр.

Естеріңізде болса, қыркүйектің ортасында Ташкентте қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп, отандық көлік өндірушілер өз өнімдерін көрсетіп, экспорттың шарттары жеңілдей ме деп үміттеніп еді. 

Олег Алфёров, «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы:

Құзырлы ведомство өкілдерімен жұмыс тәртібінде Қазақстан өнімдерін Өзбекстан нарығына жеткізу мәселесін қарап жатырмыз. Өзбекстанда кроссоверлар мүлдем шығарылмайды. Ал қазақ тарапы өзбектерге дәстүрлі отынмен жүретін көліктермен қатар, оларда көп танымал болып бара жатқан газбен жүретін көліктерді жеткізуге де дайын. Бірақ әзірге ешқандай жоспар туралы айта алмаймыз, өйткені бізге шекара жабық.

«Қазавтоөндіріс» ұлттық экономика министрлігінен көмек сұрап, тиісті хат жолдағандарын айтты. Құзырлы министрлік біздің арнаға бүгін сұхбат бере алмады. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады.