Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйдің шатыры тесіліп, іргесі сөгіліп жатыр

AstanaTV
13.08.2020ж. 20:00
1787
Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйдің шатыры тесіліп, іргесі сөгіліп жатыр

Заречный кентіндегі мемлекеттік бағдарламамен салынған жаңа баспананың жағдайы осы. Сапасы сын көтермейді. Көппәтерлі үйдің тұрғындары мердігерді жауапқа тартуды талап етуде.

Болат МЫРЗАБЕКОВ, ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күздікүні кірдік осы үйге. Жаңа үй деп. Ақшасын төлеп. Енді міне көріп тұрсыздар жауын жауған сайын фундамент түсіп жатыр төмен қарай.

Күләш ШӘМШИДИНҚЫЗЫ, ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Едендері езіліп, цементтері опырылып жатыр. Барлық бөлмелерде. Мынау көрші-көлемдер бәрі айтып жатыр.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Шатыры тесіліп, іргесі сөгілген бұл маңдағы үйлердің кейбірі бір жыл бұрын ғана қолданысқа берілген. Аулаға төселген асфальттің сапасы да сын көтермейді. Әр жері осылай ойылып жатыр.

«Солтүстік» шағын ауданында бой көтерген 11 үйді 3 компания салған. Жауапсыз мердігердің біреуімен қазір аудандық әкімдік соттасып жатыр. Қалған екеуі, жаңа үйдегі олқылықтарды жаңа жылға дейін жөндеп береміз, деп отыр.

Назарбек ҚОҢҚАБАЕВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір мердігерлермен жұмыс істеп жатырмыз. Қысқа дейін үйлердің шатыры жөнделіп, іргетасы қайта қалыпқа келтіріледі. Бұл үйлердің көбісінде әлі күнге дейін газ жоқ. Жақында көгілдір отын да қосылады.

Аудан басшылығы, "Жаңа қоныстың жағдайы жіті бақылауда", деп сендірді. Ал, тұрғындар болса кейбір үйдің кепілдік мерзімі желтоқсан айында аяқталатынын айтып, алаңдап отыр.

З. Санай