Алайда, доллар сатып алуға асыққандар ұтылады. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп отыр. Сыртқы жағдай тұрақты. Яғни елге доллар әкелетін шикізат бағасы бірқалыпты. Нарықтағы сауда серіктестерінің де жағдайы жаман емес. Сондықтан құбылмалы кезде көк қағаз сатып алып, пайда тапқысы келетін ел тұрғындары мен кәсіпорындарға ақыл-кеңесін айтты.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Бағам өзгерген бетте айырбас пункттеріне жүгіріп, ақша табам деу - бос әурешілік. Өйткені макроэкономикалық жағдай тұрақты. Тіпті теңге қайта күшеюі мүмкін. Сондықтан қазір валюта сатып алып жатқандар ұтылады.
Сондай ақ, Үкіметте ауылдарды сапалы интернетпен қамту мәселесі қаралды. Ақпарат министрі, 2020 жылға дейін бұл проблема толық шешіледі, деп сендірді. Бүгінде Қазақстанда 122 қала мен 1200 ауыл жылдам интернетке қосылған.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:
Министрлік
болашағы бар 1700-ге жуық ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс
желісін тарту жұмысын қолға алып жатыр. Яғни бұл 2 миллионнан астам тұрғын
сапалы интернетке қол жеткізеді деген сөз.