Павлодарда жатақхана құрылысы жоспарлы межеден кешігіп жатыр. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған бақылау тобының кезекті тексірісі кезінде белгілі болды. Жоспар бойынша құрылысы былтыр басталған нысан, биыл күзде пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ мердігер асығар емес. Құрылысшылар жұмыстың кешеуілдеуіне карантин себеп деп отыр. Партиялықтар мәселені өз бақылауына алды.
Қабылқақ ҚАПЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің ұсынысымыз жалпы жұмыстарды ары қарай тездету. Тездету болғанда, қосымша 2 смена жасай ма? Мысалы тағы кісілерді қоса ма. Неге десеңіздер, қазір мына 4 этаж салынып, біткенмен, әлі ішінде құрылыс жұмыстары әжептәуір бар.
Партиялықтар «100 аула» жобасы бойынша абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Ойын алаңқайларындағы жүйесіз салынған жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды сынға алды. Олқылықтарды реттеуге уақыт берді. Ал Майқайың кентінде құрылысы басталған спорттық стадионның жобалау жұмыстары дұрыс жасалмапты.
Олег КОСТЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПО ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Талап бойынша мердігер стадионға көрермен трибунасын қосуы керек. Оған қоса жобалау жұмыстарын қайта қарап, футбол алаңының газонын халықаралық стандартқа сәйкестендіруі тиіс және нысанды тапсыру мерзімін де жылдамдатуын сұраймыз. Өйткені, құрылыс жұмыстары белгіленген уақыттан кеш басталды. Біз бұл нысандарды енді өз бақылауымызға аламыз.
Ө. Қуанар