Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Биыл «арзандатылған» бағадағы 15 мыңдай баспана нарыққа шығарылды

AstanaTV
26.09.2017ж. 20:00
2635
Биыл «арзандатылған» бағадағы 15 мыңдай баспана нарыққа шығарылды

Жаңа баспана үшін жеңілдетілген ипотека. Отандық банктер бүгінге дейін несиенің осы түрі арқылы баспаналы болғысы келетін бірнеше жүздеген адамнан өтініш қабылдаған. Жалпы сомасы 4,3 миллиард теңгені құрайды. Оның 4 миллиардқа жуығы қанағаттандырылды. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі айтты. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылау бойынша "Нұр Отан" партиясының мәжілістегі фракциясы жанындағы комиссия отырысы өтті. Депутаттар бұл бағдарламаның шын мәнінде халыққа қаншалықты шарапаты тиіп жатқаны жайлы сұрады, сондай-ақ "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы берілетін пайызы төмен несиелер көбейсе деген ұсыныстарын жеткізді.

Марат Бопазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Парламентте әскерилерді үймен қамтамасыз ету шаралары қаралған, ал ТҚЖБ басшысы 17 млрд теңге көлемінде қаржы банктің табысы ретінде деді, сонда үйді арендаға алатындарға 5 пайыздан несие беріледі деп, соны әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жастарға үй алуға осының пайызын төмендетуге бола ма деген ұсыныс бердік.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

ТҚЖБ 914 мың салымшы бар екен. Адамдар бұл бағдарламаны қуана қабылдап жатқанын біз салымдардың көптігінен байқауымызға болады, және дәл осы бағыт тұрғындар арасында өте танымал деп айтар едім және мұны дамытуға мүдделіміз.

Роман Склярдың айтуынша, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы пәтерлер құны аймақтарда әр шаршы метрі үшін 140 мың, Астана, Алматы, Атырау мен Ақтауда  180 мың теңге. Мемлекет қайтарымды негізде тұрғын үй құрылысы саласын қаржыландыра отырып, нарықтағы пәтер бағасын өсірмей ұстап тұруды көздейді. Депутат Майра Айсин, қолжетімді тұрғын үй бағдарламасының аты затына сай ма, шын мәнінде халыққа қол жетімді ме деп, сауал қойған. Вице-министр келтірген мәліметке сүйенсек, 2015-2016 жылдары қолжетімді бағадағы  19 200 пәтер нарыққа шығарылса, тек биылдың өзінде мұндай «арзандатылған» баспаналар саны 15 мыңды құрайды.