Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жаңа жұмыс орындарын құру заман талабы - Б. Байбек

AstanaTV
18.08.2020ж. 20:00
2040
Жаңа жұмыс орындарын құру заман талабы - Б. Байбек

"Жаңа жұмыс орындарын құру заман талабы". "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бүгінгі онлайн қабылдауда осылай деді. Саяси ұйымның республикалық қоғамдық қабылдауы бейнеконференция форматында жүрді. Яғни, халықпен сұрақ-жауап түрінде өтті. Бауыржан Байбектің айтуынша, елде жұмыс орыны неғұрлым көп болса, әлеуметтік көмек көлемі соғұрлым азаяды. Бұл бюджетке түсетін салмақты азайтары анық. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары сондай-ақ cool-center-лер жұмысына тоқталды. Орталықтардың белсенді жұмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың азаюына сеп болады - деді.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Праймеризге қатысайық, мәселелерді ашық айтайық. Кеше ғана Елбасы өз үндеуінде айтты ғой. Депутаттар, партия мүшелері халықтың арасында жүріп мұң-мұқтажын тыңдауы қажет деп. Сондаға ғана мәселе шешіледі.

Онлайн қабылдауда партияішілік сайлау науқаны туралы да сөз қозғалды. Праймеризде әйелдерге 30%, ал 35 жасқа дейінгі жастарға 20% квота қарастырылыпты. Бұл, қыз-келіншектер мен жастардың саяси мүмкіндігін арттырады деген сенім бар. Партияның онлайн қабылдауына сұраныс күн сайын артып келе жатқанын айта кеткен жөн. Кейінгі жеті айда 270 мың адам өтініш берсе соңғы күндері бұл көрсеткіш бес есеге артқан. Партияның праймеризіне қатысқысы келетін қазақстандықтарда көбейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі бейнеүндеунен кейін екі мың адамнан өтініш түсіпті.

Ғ.Өтемісов