Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылорда тұрғыны небәрі 300 теңгеге су жаңа автокөлік ұтып алды

AstanaTV
19.08.2020ж. 20:00
5754
Қызылорда тұрғыны небәрі 300 теңгеге су жаңа автокөлік ұтып алды

Қызылорда тұрғыны небәрі 300 теңгеге су жаңа автокөлік алды. «Сәтті Жұлдыз» лотереясынан сатып алған екі билеттінің біреуі осындай тосынсый жасаған. Ол Алматыға келіп, темір тұлпарын тақымдап қайтты. Ел аумағында ресми тіркелген «Сәтті Жұлдыз» лотерея операторы арқылы, бүгінде жұлдызы жанғандардың саны апта сайын артуда. Бағы жанғандардың бірқатары темір тұлпар тізгіндесе, біразы миллионер атанды. "Сәтті Жұлдыздың" жеңімпазымен тілдесіп қайтқан тілшіміз тақырыпты толықтырады.

Су жаңа көлікті тақымдаған Сағадат Қаратай ұтысты көзімен көріп, қолымен ұстағанға дейін жеңісіне сене алмағанын айтады. Тіпті, бір апта бұрын жаңа көлікке ие болам деген ойында да болмаған. «Сәтті Жұлдыз» лотереясы туралы жарнаманы әлеуметтік желіден көріп 600 теңгеге екі билет сатып алғанын айтты. Бағы жанып,  билет ұтысқа ие болғанын ресми оператор хабарласа да, күдік болғанын жасырмайды. 

Сағадат ҚАРАТАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

25 шілде күні қатысып билет алдым. Сол бойынша лотерея машина ойынына қатысқан екенмін, оны 27 күні білдім машина ұтып алғанымды. Басында сенген жоқпыз, енді келіп бүгін сеніп жатырмыз. Бағымды сынап көрейін деген оймен алдым. Машина ұтып аламын, болмаса ақшалай сыйлық ұтып аламын, деген ой болған жоқ.


Алматыға асыға жеткен жеңімпаз, "Сәтті Жұлдыз" операторының кезекті ақ тұлпарын тақымдады. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының тұрғындары дәл осындай көлікке ие болған еді. Лотерея жылдан жылға ел аумағында танымал болып келе жатыр. Апта сайын автокөлік немесе 11 миллион теңгеге дейінгі ұтысқа кенелгендердің артып жатқаны осыған дәлел бола алады.

Мұрат ОСПАНОВ, «TELEBINGO» ОЙЫНЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Кезекті алтыншы автокөлік Loto 6/49 лотереясында алдағы сенбі яғни, 22 тамыз күні 20:55-те Астана телеарнасында ойнатылады. Ұтысқа соңғы төрт тиражда сатып алынған және арнайы сайтымызда тіркелген билеттердің барлығы қатысады. Қатысыңыздар, ұтыңыздар!

«Сәтті Жұлдызбен» жеңімпаз болу өте оңай. Билеттерді ресми сату орындарынан, "Қазпошта" бөлімшелерінен сатып алып, арнайы сайтта тіркеу қажет. Сонымен қатар szhuldyz.kz ресми парақшасынан онлайн да сатып алуға болады. Билет құны 100 теңгеден басталады. «TeleBingo» ұтыс ойыны әр жексенбі күндері «Астана» телеарнасында, ал Loto 6/49 ойыны сәрсенбі және сенбі күндері тікелей эфирде көрсетіледі. Жеңімпаз болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

А. Кемелжан