$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде логотипі латын қарпімен жазылған HALYQTYQ KEŇSE жұмыс істей бастады

AstanaTV
26.09.2017ж. 20:00
3278
Ақтөбеде логотипі латын қарпімен жазылған HALYQTYQ KEŇSE жұмыс істей бастады

Ақтөбеде «Халықтық кеңсе» жұмысын бастады. Кеңсенің Халыққа қызмет көрсету орталығынан ерекшелігі - мұнда жергілікті атқарушы органдардың мамандары халықпен тікелей жұмыс істейді. Ал кеңсенің атауы латын қарпімен жазылған. Бірақ кейбір әріптері парламентке ұсынылған нұсқамен сәйкес келмейді. Қала басшылығы мұны логотип деп отыр. Ол облыс әкімімен ақылдаса таңдалған. Бірақ латын қарпінің түпкілікті нұсқасы таңдалған кезде, мекеме атауы да соған сәйкес өзгертілмек.

Жұман Зейне, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының жетекшісі:

Брендіміз, логотипіміз латын әрпімен жазылған. Ол облысымыздың әкімі тапсырмасы бойынша осындай түрде жасалды. Ол кісімен бекітілді. Жергілікті біздің дизайнерлер жасады. Егер мемлекет тарапымен бекітілсе, соған сәйкес келтіреміз біз.