Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елде демалыс күндері карантин режимі күшейтіледі

AstanaTV
21.08.2020ж. 20:00
2211
Елде демалыс күндері карантин режимі күшейтіледі

Елде демалыс күндері карантин режимі қайтадан күшейтіледі. Бұл, Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы. Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, карантинді жеңілдету туралы қаулы тек жұмыс күндеріне қатысты екен. Ал, сенбі-жексенбі күндері ірі сауда орталықтары мен сұлулық салондары жұмысын уақытша тоқтатады. Демалыс күндері жұмыс істемейтін мекемелер тізімінде фитнес орталықтар, жабық базарлар бар. Сондай ақ министрлік дерегінше, алдағы демалыста қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтайды. 65 жастан асқан адамдардың үйден шығуына тиым салынады. Енді қытайлық індетке шалдыққандар туралы кейінгі деректерге келсек. Елде соңғы бір тәулікте 723 адамнан пневмония анықталыпты. Осылайша тамыз айы басталғалы бері корновирустық инфекцияға шалдыққандар саны 21 мың адамнан асты.