Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбыл облысында ауыз суға жарымай, бір құдыққа қарап отырған ауыл бар

AstanaTV
21.08.2020ж. 20:00
3376
Жамбыл облысында ауыз суға жарымай, бір құдыққа қарап отырған ауыл бар

Жамбыл облысында әлі күнге ауыз суға жарымай отырған ауыл бар. Бір құдыққа қарап отырған елді мекеннің жағдайы пандемия кезінде тіпті қиындай түсіпті. Ел азаттығы жолында құрбан болған Тұрар Рысқұлов атындағы ауданға қарасты Сөгеті кенті тұрғындары осы мәселемен біздің арнаға хабарласты. Өйткені, басқа барар тауы, басар тасы қалмапты. Мал да адамда су ішіп жүрген жалғыз құдық тұралы көрерменіміз мынандай видео салыпты.

Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай бүкіл ауыл адамдары құдық басына жиналған. Ол тек 1 сағатқа ашылады, ол уақыт ішінде айқай-шу, төбелес те болады. Ал енді вирус кезінде үйде отырайық десек сусыз қаламыз. Сондықтан амалсыз құдық басына келеміз. Бұл мәселені бұған дейін де көптеп қозғадық, бірақ ешқандай көмек көрсетілген жоқ.

Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста аудан әкімі Ерболат Садырқұлов бар. Ерболат Салқынбекұлы, қайырлы кеш! Проблемадан хабарыңыз бар. Жақын маңдағы ауылдарға су жақында кіргізген екенсіздер. Неге бұл ауылға әлі күнге дейін су  тартылмаған?

Ерболат САДЫРҚҰЛОВ, ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Дұрыс айтасыз, жалпы ауданда 42 елді мекен бар. Оның 26-сы ауыз сумен қамтылған. Биыл 8-не су тартылып жатыр. Бұл, әрине үлкен қаржы. Бір жылда барлық мәселені шешу мүмкін емес. Нақты жоспар бар. Сөгет ауылына қатысты айтатын болсақ, сумен қамту үшін барлық құжаттар жайындалып, тиісті министрлікке жіберілді.

Ерболат мырза, мына коронавирус кезінде адамдардың көп жиналуына тиым салынған. Алқұдық кезегінде адам көп, төбелес те болады, қаптаған сиырлар жүр. Санитралқы талапқа да сай келмейді, қорқынышты. Енді нақты айтыңызшы, су қашан  тартылады.

Ерболат САДЫРҚҰЛОВ, ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз барлық елді мекеннің мәселесін қарастырып, қатар шешу үшін жұмыс істейміз. Әрбір бюджеттік жобаның өз тиімділігі болады. Мысалы бір жобаның аясында қанша адам ауыз сумен қамтылады деген. Мысалы билы 8-не жүргіздік.

Сөгеті кентіне су қашан жүргізіледі?

Ерболат САДЫРҚҰЛОВ, ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Келесі жылы қаржыландыру мәселесі шешілсе, міндетті түрде сумен қамтамасыз етіледі.


Сұхбатыңызға рақмет, Ерболат Салқынбекұлы. Бұл мәселе  шешімін тапқанша біздің бақылауымызда болады. Қымбатты көрермен, телерепортер айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

Ә. Өмірзақ