Бақытгүл СМАҒҰЛ, КӨП БАЛАЛЫ АНА:
Үйдің кезегі таяған сайын бізді алып тастап отырады. Мартта бір рет, августте тағы бір рет алып тастады. Олар екі түрлі кезек көрсетеді. Өздеріне барсам 23-ші болып тұрам, ЦОН-дағы кезекте 93-те тұрмын.
Осы мәселе бойынша Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста аудан әкімі аппаратының басшысы Болатбек Мамырбаев бар. Болатбек мырза, қайырлы кеш! Проблемадан хабарыңыз бар болар. Тұрғындардың кезегі неліктен жиі ауыстырылады? Олар қашан баспанаға ие бола алады?
Болатбек МАМЫРБАЕВ, ШҚО ҰЛАН АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Заңға сәйкес хабарласқан тұрғындар бір санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Ал кейбір отбасының бұған дейін өз атында үйі болғаны анықталды. Сондықтан осының бәрін сараптай келе, олардың кезегінің орны ауыстырылды. Келер жылдың соңына дейін көп балалы аналардың біразы баспаналы болады деп жоспарлап отырмыз.
Сұхбатыңызға рақмет, Болатбек мырза! Дегенмен біз аталған мәселені өз бақылауымызға аламыз.Қымбатты көрермен, Телерепортер айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.
Ғ. Өтемісов