Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елордада бастауыш сыныптардағы 50% оқушы кезекші сыныпқа өтініш берген

AstanaTV
25.08.2020ж. 20:00
4293
Елордада бастауыш сыныптардағы 50% оқушы кезекші сыныпқа өтініш берген

Елордадағы бастауыш сыныптарда 82 мыңнан астам оқушы бар. Оның 50%-ы кезекші сыныпта оқуға өтініш білдіріпті. Бұл сан алдағы уақытта өзгеруі мүмкін. Өйткені өтініштер саны күн сайын артуда деді қалалық білім басқармасы. Ал, республика бойынша бастауыш сынып оқышуларының саны 350 мыңнан асады. Кезекші сыныптарды қабылдауға мектептер дайын ба? Оқушылар мен ұстаздарға қойылатын санитарлық талаптар қандай? Әріптесім Асылбек Данияр көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Биылғы оқу жылы жылдағыдан өзгерек. Оқушылар мектепке кірген кезде осындай арнайы дезинфекциялық тосқауылдан өтеді және қолдарын антисептикпен өңдейтін болады. Сонымен қатар, оқушылардың барлығында медициналық маска болуы міндетті. Ал, мектеп дәлізінде оқушылар арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер сызылған. Және бастауыш сыныптардың кезекші топтарындағы әрбір оқушыға жеке орындық пен парта да қарастырылған.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша сыныптағы бала саны 15-тен аспауы тиіс. Оқушылар дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері мектепке келеді. Қалған екі күн қашықтықтан оқиды. Сабақтың ұзақтығы 40 минутқа созылса, үзіліс уақыты 10 минутты құрайды. Қоңырау кезінде кабинеттерге кварц шамы қосылуы тиіс.

Сафура ТӨЛЕКОВА, Ә.БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №76 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мына қатарда отыратын төрт бала осы жолақ арқылы келеді. Мынау әр қайысысының орындарынана белгілеп қойылған орын. Әрине, ол мүлдеп қозғалма деген сөз емес, дегенмен балаларға мұндай белгілердің өзі балаларға арақашықтыңты сақтау керектігін ескертіп тұрады.


Республикадағы әрбір білім ұясында оқшаулау бөлмелері қарастырылған. Нұр-Сұлтандағы №76 мекеп-лицей директорының сөзінше, кезекші топқа келетін шәкірттердің денсаулығы қатаң бақылауда болады. Ал, созылмалы ауруы бар, дәрігердің есебінде тұрған және егде жастағы педагогтар жұмысын онлайн істей береді. 

Сафура ТӨЛЕКОВА, Ә.БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №76 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ:


Кезекші сыныптарға  мұғалімдерді іріктеуде де ерекше талаптар бар. Бұл жерді ең бірінші мұғалімнің өзінің келісімі маңызды.

Елордалық Нұрсұлтан Ерімбетов балаларын кезекші топқа беріп отыр. Оның екі баласы бастауыш сыныпқа барады. 

Нұрсұлтан ЕРІМБЕТОВ, АТА-АНА:

Жағдайға байланысты осындай шешімге келіп отырмыз. Өйткені, мектепте оқыған әлде қайда ыңғайлы, әрине. Және алғаш сыныпқа келіп отырған баламыз болғандықтан біз сондай шешімге келіп отырмыз.


Балаларды кезекпен, арасына 15 минут салып кіргізу жоспарланып отыр. Ал үзіліс әр сыныпта әртүрлі болмақ. Айта кетейін мұндай "Бір сынып - бір мұғалім" қағидасы елдегі барлық мектептерде қатаң сақталуы шарт. Ал, 5-11 сынып оқушылары тек қашықтықтан білім алатын болды.

А. Данияр