Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақжарқын Тұрлыбайды елге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, - ҚР СІМ

AstanaTV
28.08.2020ж. 20:00
2403
Ақжарқын Тұрлыбайды елге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, - ҚР СІМ

Отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды елге әкелу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты. Апта басында Қытайдың аппеляциялық соты, қандасымызды қылмыстық іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды.     
Министрліктің ақпаратына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбай келесі айдың ішінде Гуандун провинциясы түрмелерініҢ біріне ауыстырылады. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай елшілігі оны Қазақстанға экстрадициялау туралы келіссөзді бастап кеткен.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Қазіргі уақытта қорғаушы тарап пен сотталушының отбасы, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру  жөніндегі жұмыстары қарастырылуда. Осы бойынша қос елдің өкілетті органдары арасында келіссөздер жүргізіледі. Қорғаушы тарапқа отандасымызды Қазақстанға берудің нақты мерзімі белгісіз, алайда біз оны тезірек қайтаруға мүдделіміз. Бұл іс Сыртқы істер министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтеміз.

Еске сала кетейін, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайдың Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Ол есірткі контрабандасымен қолға түсіп, сотталған еді.  

А. Данияр