Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Праймериздің міндеті – халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру", - Н.Назарбаев

AstanaTV
28.08.2020ж. 20:00
2918
"Праймериздің міндеті – халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру", - Н.Назарбаев

"Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" және өзекті мәселелерді - басы қасында шешу. Nur-Otan-ның негізгі бағыты 7 серпіннен тұру керек. Партияның саяси кеңес бюросында бүгін осы мәселеле көтерілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жиын барасында, биылғы басты саяси науқан яки партияішілік сайлау турасында да сөз қозғалды. Онлайн режимде өткен кеңеске Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Үкімет мүшелері де қатысты.

Қытайдан шыққан індет төрткүл дүниеге жайылып, талай елді есеңгіретті. Мемлекеттер пандемиямен барынша алысып, қажетті шараларды қолға алды. Қазақ елінде де батыл шешімдер қабылданды. "Бірлік түбі - тірлік", нақыл сөзі өзектілігін көрсетті. Дәл осы тұста Елбасы бастамасымен "BIRGEMIZ" акциясы қолға алынды. Игі іс, отандық бизнес-элита тарапынан қолдау тапты.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бизнес өкілдеріне арнаған Үндеу қолдау тауып соның арқасында жиналған қаражат 2 млн 300 мың азаматқа тиісті жәрдем жасалды. Сарапшылар күзде пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Үкіметтің қолында бүгінгі күнде барлық ресурстар бар. Сондықтан оның алдын-алу шараларын да қабылдаумыз керек.

Nur-Otan праймеризі қоғамның сауаттылығын көрсетті. Халық, елдің саяси-қоғамдық өміріне белсене араласқысы келетіні айқын байқалды. Партияішілік сайлауға жастар ғана емес мүгедек жандар, елге кеше ғана келген қандастар және қыз-келіншектер үлкен қызығушылық танытуда. Саясатқа түрлі санаттың араласуы, билікте жан-жақты мәселелердің көтерілетінін көрсетеді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз партияны қайта жандандырудың дұрыс бағытын таңдадық. Еліміздің мәселелерін бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз ету қажет. Праймериздің міндеті – халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру, қоғам қолдауына ие, нақты жағдайды білетін беделді көшбасшыларды, белсенді адамдарды бәсекелестік негізінде іріктеу.

Праймеризге қатысушылар жергілікті жерлерде өткір мәселелерді ашық көтеруі және кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы керек. Елбасы кандидаттарды осындай батыл қадамға шақырды. Туған өлкесінің дамуына үлес қосқысы келген жастарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсету қарастырылған.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз өз өңірін және елімізді дамытуға дайын барлық азаматтар үшін «әлеуметтік лифт» қалыптастырдық. Қыркүйек айында 216 жергілікті бағдарламаның барлығы жарияланады. Кең көлемдегі талқылаулар біздің электоралдық міндеттерімізді халықтың сұраныстарымен және қажеттіліктерімен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Елбасы, сондай-ақ партияның ішкі іріктеуінде, келесі кезеңдердің жүзеге асырылуы үшін ұйымдастыру жұмыстарын сапалы өткізу, керектігін атап өтті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Праймериз барлық қатысушылар үшін әділ, ашық және тең жағдайда ұйымдастырылуы керек. Партияның ішкі үгіт-насихаты қыркүйекте басталады. Коронавирус індеті жағдайын ескере отырып, оны Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сәйкес орындау керек.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген. Партия, барлық сындарлы және саналы қоғамдық күштерді топтастыруы қажет. "Осы бірліктің арқасында кез-келген қиындықтан өте аламыз", деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтап қалу үшін маңызды.

Д. Мұхаммедкәрім