Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбеде жалған құжатпен жер сатқандар анықталды

Ақтөбеде жалған құжатпен жер сатқандар анықталды

Ақтөбеде жалған құжат жасап, жер учаскелерін сатқандар белгілі болды. Бұл қылмысты қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері анықтаған. Белгілісі, өткен жылы он, биыл 7 жер учаскесі жалған құжат арқылы сатылып кеткен. Ол жерлер заң бойынша ешкімге сатылмайды. Яғни кезекте тұрғандарға тиесілі тегін телімдер. Аталған қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабар берілген. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір Ақтөбе қаласы бойынша 130 мыңға жуық тұрғын кезекте тұр. Олардың 10 мыңы жер телімін жыл аяғына дейін алуы тиіс. Мамандар кезектен тыс ешкімге де жер берілмейді дейді.

Ұшқын Мыңбаев, Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Биылдың өзінде 7 жағдай анықталды. Жалған құжат жасап, жер учаскелерін басқа біреулерге рәсімдеу мәселесі. Олар құзырлы органдарға жолданды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Енді оның шешімі нақты хабарланатын болады. Оны біздер берген кезде жерді, ол жер бос емес деп шықты. Біздер өзіміз түпкілікті тексеріп келген кезде, ол жер бос, біздің құжат бойынша. Біреулер айтады, біздікі деп. Сөйтіп, құжаттарын тексеріп келгенде, осындай мәселені анықтап отырмыз.