Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда жаңа көпір құлауға шақ тұр

AstanaTV
02.09.2020ж. 20:00
2321
Қарағандыда жаңа көпір құлауға шақ тұр

Қарағандыда салынғанына екі-ақ жыл болған көпір құлауға шақ тұр. Редакциямызға хабарласқан Шет ауданының тұрғындары сапасыз өткелдің сыр бергенін айтып шағымданды. Айтуларынша, көліктер көпір үстінде жол апатына жиі ұшырайды. Тіпті өткелдің екі жағында қоршауы да жоқ деп отыр. Жұртты қынжылтатыны сол, өткелдің салынғанына көп болмаған. Халық жергілікті билікті құрылысқа атүсті қарады, -деп айыптады.

Алмагүл ҚОЖАНИЯЗОВА, ШЕТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Машиналар аударылып жатыр. Ауылға кіру өте қауіпті. Жақында менің жақындарым аударылып больницада жатыр. Көпірдің сапасы сай келмейді. Оқу да басталды. Балаларды алаңдаймыз.


Тұрғындардың шағымы бойынша Қарағанды облысы Шет ауданының атқамінерлеріне хабарластық. Дәл қазір бізбен байланысқа Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Дархан Смайылов шығып отыр екен. Дархан мырза, Қайырлы кеш! Тұрғындардың шағымын тыңдадыңыз. Көпір сапасыз салынған дейді?

Дархан СМАЙЫЛОВ, ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ:

Иә, бірақ ол көпір деуге келмейді халықтың жүріп-тұруы үшін өткел ретінде салынған. Су қоймасы тасып кетіп, сапасына нұқсан келді. Алайда оны қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз.

Осы көпірге әрең қол жеткізген аудан халқын алаңдатып отырған мәселе, ол - шенділер тарапынан атүсті қарау. Бұған не дейсіз? Жаңа көпір керек дейді. Ол салына ма? Оның сапасын қалай қадағаламақсыздар?

Дархан СМАЙЫЛОВ, ШЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ:

Бұл мәселе аудан әкімінің толық назарында. Екі көпір салу үшін сметалық құжаттар әзірленді. Алдағы уақытта түйіткілді толық жоямыз деп айта аламын. Бірақ нақты қашан аяқталатыны әзірге беогісіз.

Сұхбатыңызға рақмет, Дархан Бекдарұлы. Біз бұл мәселе шешімін табады деп үміттенейік, Бірақ өз тарапымыздан Шет ауданы тұрғындарының шағымын бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.  

Ғ.Өтемісов