Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматы облысында ірі азық-түлік дүкені жанып кетті

AstanaTV
03.09.2020ж. 20:00
2540
Алматы облысында ірі азық-түлік дүкені жанып кетті

Алматы облысында ірі дүкен жанып, күлге айналды. Чапай ауылының маңында орналасқан сауда орталығында өрт бүгін таңға жуық тұтанған. Абырой болғанда бұл сәтте дүкенде адам болмаған.  Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, қызыл жалын әп-сәтте жайылып, қасындағы ғимарат та бүлінген. Апат орнына жеткен мамандар, өртті бір жарым сағаттан соң ғана сөндірді.  Белгілі болғандай, тілсіз жау 760 шаршы метр аумақты жалмапты.

Ерлан АХАШОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін таңғы сағат 7 жарым шамасында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Мамандар дереу жетіп отты көп ұзамай ауыздықтады. Болжам бойынша, от электр желілерінің тұйықталуынан болуы мүмкін.

Қазір апаттың шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр. Ал дүкеннің иесі тауарларын сақтап қала алмадық дейді. Ірі дүкенде негізінен азық-түлік пен киім-кешектер сатылып келген.

Сапаргүл ЖҰМАҒАЛИЕВА, ДҮКЕННІҢ ИЕСІ:


Киімде бар еді бұл жерде, аяқ-киімде, канцелярский товар., химия. Счет большой конечно. Не знаю как буду восстанавливать. Акиматпен жаңа барып сөйлестік. Көмек сұрадым айттым. Қолымыздан келгенше деді.

Ә. Лесбек