$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте тойхана мектепке айналды

AstanaTV
04.09.2020ж. 20:00
7808
Шымкентте тойхана мектепке айналды

Шымкенте тойханалар, оқушыларға сабақ оқытатын мектепке айналып жатыр. Карантин басталғалы табыстан қағылған тойхана иелерінің алды, салтанат сарайын кәдеге асыруға шешім қабылдапты. Әріптесім Айзада Төребекқызы элиталы мейрамханада кімдердің оқитынын анықтап көрді.

Шымкенттің жаңа әкімшілік іскерлік орталығындағы мына зәулім салтанат сарайы, енді жекеменшік мектеп болды. Кең бөлмелері, ықшамдалып, сыныпқа ыңғайластырылыпты. Парталар да  қойылған. Әзірге мұнда мұғалімдер ғана жүр. Олар онлайн дәріс дайындауда. Ғимарат қожайыны қала әкімдігіне өзі ұсыныс жасапты.

Есбол ҚАМБАРОВ, ҒИМАРАТ ИЕСІ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
 
Шілде айының аяғында тастадық. Содан кейін әкімнің қаулысы шықты. Негізгі мақсатын, бәрін ауыстырдық. СЭСтен бәрінен комиссиялар келді, лицензияларын алдық. Қазірге енді сиымдылығына қарай қабылдап жатырмыз. Түбегейлі мектеп болады.

Әзірге балалар ақысыз оқиды. Кәсіпкер бұл қадамға сауап үшін де барып отырғанын қосты. Бизнесмен карантин басталғалы айына 15-20 млн теңгедей табысынан қағылғанын айтты.  

Есбол ҚАМБАРОВ, ҒИМАРАТ ИЕСІ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
 
Бұл қадамға той тоқтағаннан кейін барып отырсыз ба?
-Той тоқтағаннан кейін, иә. Біз март айынан бастап тоқтадық. 5-6 ай болды тоқтап тұрғанымызға. Енді бәрібір жасау керек қой екі дүниенің де тірлігін жасау керек. Госзаказ аламыз.


Қазір мұнда 530 балаға орын әзір тұр. Дүйсенбіден бастап оқушылар сабақты бастайды.  Карантин талаптарына сәйкес кезекші сыныптар келеді.   

Айшагүл ШАЙХИНА, ӘЛ-ФАРАБИ АКАДЕМИЯЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Негізінен дежурный класты мен ОЖСВ тапсыратын 11 кластар мен 9 –сыныптарға қойсам ба деп отырмын. Жаңағы температура өлшенетін, септик бәрін алып қойдық.

Зәулім ғимарат № 80 мектепке берілді. Ондағы бала саны 4,5 мыңның шамасында. Тоқсан мұғалім оқушыларымен бірге ауысып келген. Келешекте екі ауысымда 2400 бала оқиды деген жоспар бар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұрынғы тойхананың 860 адам сиятын үлкен залына осы жерден кіреді. Қазір бұл есік жабық тұр. Іште жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылтайшының айтуынша, биіктігі 9 метр болатын үлкен зал қос қабатқа бөлінбек, сөйтіп сынып бөлмелеріне айналдырылады.

Әдемі ғимаратта бала оқыту ата-аналарға да ұнап қалыпты.
 
Эльмира НАМАЗОВА, АТА-АНА:


11-класс оқиды осы жерде қызым. Енді арғы жақта № 80 мектепте бала өте көп. Қашаннан бері көп болып жүрген. Осы жақа келген өте дұрыс болды.

Жергілікті атқамінерлер кәсіпкердің бұл ұсынысын қос қолдап қолдаған. Шымкентте әлі күнге 19 мектеп үш ауысымда бала оқытып отыр.

Шыңғыс МҰҚАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттік мектептер бала оқытса да 27 мың теңге мен 32 мыңның арасында қаржыландырамыз, жекеменшік мектептер балаларды оқытса да сондай деңгейде қаржыландырамыз. Ал жеке меншік мектептің бізге қолайлысы не? себебі жеке меншік өзі кәсіпкер өзі ғимаратын салады, парталарын алады. компьютер басқа да жабдықтармен қамтамасыз етеді.

Жергілікті шенділер бұл бастама өзге тойхана қожайындарына да үлгі болса дейді. Бос тұрғаннан білім беру жағына ыңғайлауын қош көріп отырғандарын жасырмайды.

А. Төребекқызы