$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Пәтер ақының 70-80 пайызын мемлекет төлейтін болды

AstanaTV
07.09.2020ж. 20:00
8071
Пәтер ақының 70-80 пайызын мемлекет төлейтін болды

Пәтерден пәтәр жағалап жүргендер үшін жағымды жаңалық. Мемлекет жалдамалы баспанаңыздың 70-80 пайызын өзі төлейтін болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін Үкімет қабырғасында өт  кен жиында осыны жеткізді. Оның сөзінше, бұл халықаралық тәжірибеде бар үрдіс. Дамыған елдерде тұрғын үй қорының 30 пайызы – арендалық үйлер. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,7 пайыздан аспайды. Баспана кезегінде тұрғандар да жетерлік. Бүгінде олардың саны 530 мың адам.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:


Баспанаға мұқтаж азаматтар үшін арендалық төлем тетігі жыл соңына дейін әзірленеді. Ол «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы іске аспақ. Төлем мөлшерін қазір мемлекеттік органдармен нақтылап жатырмыз. Шамамен – 70-80 пайыз. Нақты кімдерге қолдау көрсетілетінін "Отбасы банкі" анықтайды.


Мұндай қолдауға ие болу үшін әрбір отбасы  мүшесіне шақталғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни табыс көзі 32 мың 668 теңгеден аспа уы тиіс. Жалға берілетін тұрғын үйдің орташа ауданы 60 шаршы метр болу шарт. Ал шаршы метрді жалға алу құнын әр аймақ өзі белгілейді. Мұқтаж жандар мәртебесін растаған соң, мұндай қолдауға 5 жылға дейін ие бола алады.

А. Мүтәлі