Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елордадағы жеке үйлер жылыту маусымына дайын ба?

AstanaTV
07.09.2020ж. 20:00
2382
Елордадағы жеке үйлер жылыту маусымына дайын ба?

Елордадағы жеке тұрғын үйлер жылыту маусымына қаншылықты дайын? Қалалық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері осыны тексеріп шықты. Олар әрбір үйге кіріп, отқа абай болу қажеттілігін түсіндіріп, жаднама парақтарын таратты. Олардың пештері тексеріліп, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмірқышқыл газын анықтайтын қондырғы орнатты.

Алмас ЕРЕЖЕПОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. САРЫАРҚА АУДАНЫ ТЖБ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі таңда бізбен 800-ден астам датчик орнатылды аудан бойынша. Қала бойынша 4000-нан астам  отбасы бар әлеуметтік осал отбасы. Қазіргі таңда сол жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Айта кетсем, жыл басынан бері Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй секторларында пештерді салу және қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау салдарынан 178 өрт жағдайы тіркелген. 70-ке тарта адам зардап кешке, оның 12-сі қайтыс болды.

А. Данияр